Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс фракциясы "Nur Otan" сайлауалды міндеттемелерінің орындалуын бақылауда

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2020 21:17 Ж.Құспанов
Мәжіліс депутаттары мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін "E-Halyk" ақпараттық жүйесімен біріктірудің мерзімдерін аяқтау сынды бірқатар мәселелерді көтерді.

Депутаттық корпус пен Үкіметтің бірлескен жұмысы "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының қажетті заңнамалық негізін қалыптастырып, партияның сайлау алдындағы барлық міндеттемелерін орындауға мүмкіндік берді. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі "Nur Otan" партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында талқыланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Партияның "Қазақстан - 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық" атты сайлауалды бағдарламасының орындалу барысын талқылау видеоконференция режимінде өтті.

Жиынға қатысушылар бағдарламаны жүзеге асыру барысына ай сайын мониторинг жүргізіп отыруды Елбасы, "Nur Otan" партиясының Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған тапсырмасы екенін атап өтті. Сонымен қатар, депутаттық корпус пен Үкіметтің бірлескен жұмысы, қажетті заңнамалық негіз құру қазіргі уақытта партияның барлық сайлау алдындағы міндеттемелерінің 90% - ын орындауға мүмкіндік бергеніне тоқталды.

Фракцияның кеңейтілген жиналысына қатысқан еліміздің Премьер-Министрі Асқар Маминнің айтуынша, қазіргі уақытта алда тұрған барлық жоспарланған іс-шаралар мерзімінде орындалмақ.

Осы ретте, фракция мүшелері сайлау алдындағы міндеттемелерді орындау олардың тұрақты бақылауында болатынын атап өтті.

Заң жобалары бойынша жұмыс барысында депутаттар партияның алға қойған міндеттерін шешуде, ең алдымен, қажетті қаржы ресурстарын қамтамасыз етудің нақты жолдарын іздестіруге баса назар аударды.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары ішкі нарықты отандық өнімдермен толықтырып, тұрғын үймен қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудағы ашықтық үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін "E-Halyk" ақпараттық жүйесімен біріктірудің мерзімдерін аяқтау сынды бірқатар мәселелерді көтерді.

Депутаттар жұмыстың әлеуетті бағыттары туралы айта келе, әлемдік тенденциялар мен еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, өнімді жұмыспен қамтуға халықтың белсенді қатысуы қажеттілігіне назар аударды. Сондай-ақ, Мәжіліс депуттары ішкі нарықты молайтып, экспортты дамыту үшін аграрлық саланы дамытудың жаңа тәсілін әзірлеудің қажеттігіне тоқталды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2020 21:17

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: