27 маусымда Нұр-Сұлтанда ХҚО-лар жұмыс істемейді

uralskweek.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2020 21:23 uralskweek.kz
ХҚО-ға келгісі келетіндер egov.kz порталындағы арнайы сервис, eGovKzBot2.0 телеграм-боты және 1414 нөмірі арқылы брондай алады.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар санының өсуіне байланысты вирустың одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында қаланың санитарлық дәрігері Ж.Пралиеваның қаулысымен елордалық ХҚО-лар 27 маусым күні өз жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды zakon.kz.

Аталған күнге жасалған бронь жарамсыз болып табылады. Кезекті басқа күнге қайта брондау керектігін ескертеміз, дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Астана қаласы бойынша Филиалы.

Қызмет алушылар ХҚО-ға келуін egov.kz порталындағы арнайы сервис, eGovKzBot2.0 телеграм-боты және 1414 нөмірі арқылы брондай алады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы ХҚО-лар қызмет алушыларды 23 маусымнан бастап 09.00-ден 17.00-ге дейін қабылдап жатқанын еске сала кетейік, деп қосады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Астана қаласы бойынша Филиалы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: