Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан тағы 12 адам қайтыс болды
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан тағы 12 адам қайтыс болғаны жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, індеттен кісі өлімі мына аймақтарда тіркелді:
Атырау облысында
- 1939 жылғы ер адам және 1943, 1960 жылғы әйелдер.
Түркістан облысында
- 1949 жылғы ер адам.
Шығыс Қазақстан облысында
- 1963 жылғы ер адам.
Алматы облысында
1942 жылғы ер адам.
Қарағанды облысында
1970, 1957 және 1940 жылғы ер-азаматтар.
Шымкент қаласында
1972 жылғы ер адам.
Ақтөбе облысында
1960 және1950 жылғы ер-азаматтар.
КВИ тесті оң нәтиже көрсеткен науқастар арасындағы өлімді зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан болған өлім ретінде тіркеу туралы шешім қабылдады.
Жалпы, Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясынан 178 адам қайтыс болды.