Алматы облысының карантинге жабылатындығы туралы хабар фейк болып шықты
ҚР ІІМ
Облыстық әкімдік өңірде блок-бекеттер қойылмайтындығын қадап айтты.
Whats қосымшасында Алматы облысына толықтай карантинге жабылатындығы туралы аудожазба жаппай тараған. Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.
"Ертең таңертеңгі 8-ден бастап Алматы облысының аумағы толығымен карантинге жабылады. Қарар дайындалып жатыр, одан кейін оны бәріне таратамыз. (...) Қазір ғана жол полициясына нұсқаулық берілді, енді жеңіл көліктер емін-еркін жүре алмайды. Көшедегі көліктерді патруль тоқтатып, 26 мың теңге айыппұл салады. Бір-бірлеріңізге ескертіңіздер", - дейді аудиожазбада ер адам.
Оның айтуынша, бұл өңірде блок-бекеттер қайта орнатылады.
Алматы облысы әкімдігі бұл жалған ақпарат екенін хабарлады.
11 маусымда да облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі бұндай ақпаратты жоққа шығарған еді. Ол кезде де әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматы облысының периметрі бойынша блок-бекеттер мен әскерилер қойылатындығы айтылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript