Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев сөгіс жариялаған облыс әкімнің бірі мәлімдеме жасады

diapazon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2020 15:46 diapazon.kz
Өкінішке орай, осынша адамның індеттен қайтыс болуы бұл істе кемшіліктер барын байқата алады - деді Оңдасын Оразалин.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Президенттің өзіне жариялаған сөгісі орынды деп санайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Диапозон басылымының жазуынша, әкім бұдан қорытынды шығарып, жұмысын оңтайландыруға уәде берді. Бұл туралы Оңдасын Оразалин арнайы өткен брифинг кезінде айтты.

Облыс басшысы аймақтағы санитарлық талаптарды бұзылуы және карантиндік шаралардың сақталмауы салдарынан екі апта ішінде пневмониямен ауыратындар саны күрт артқанын мойындады. Қазір 1 355 адам уақытша және күндізгі стационарларда ем қабылдап жатыр, олардың 464-і маусым айында емделіп, жазылды, өкінішке қарай, 62 науқас қайтыс болды. Көбінде пневмония, артериялық гипертензия, қант диабеті сияқты асқынған қосалқы аурулары болған. 27 адам жан сақтау бөлімінде жатыр, 10 адам механикалық жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Аймақ басшысы медициналық мекемелер дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Әкім антибиотиктерге, антисептиктерге және вирусқа қарсы препараттарға сұраныс күрт артқандықтан дәріханаларда тапшылық болғанын және қазіргі уақытта Ресей өкілдерімен дәрі-дәрмектерді аймақтарға жеткізу жөнінде қарқынды келіссөздер жүргізіліп жатқандығын да растады.

Ауруханаларда төсек-орындар жетіспеушілігі мәселесі де бар. Бұл ретте медициналық университеттің оқытушылар құрамының көмегіне жүгінуге тура келген, ал жедел жәрдем қызметі дәрігерлеріне колледждің түлектері көмектеседі.

Эпидемия бүгін немесе ертең аяқталады деген ойдан арылу керек, - деп ескертті облыс әкімі.

"Инфекция жұқтырғандар санының көбеюіне байланысты оның ұзаққа созылуы мүмкіндігін болжауға болады. Мен үшін аймақ басшысы ретінде әр тұрғын қымбат. Өкінішке орай, осынша адамның індеттен қайтыс болуы бұл істе кемшіліктер барын байқата алады", - деді Оңдасын Оразалин.

Ол қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтты және адамдарды оқшаулануға, шыдамдылыққа шақырды. Сондай-ақ әкім қазір коронавирустан емделіп, жазылған ақтөбеліктердің саны көбейіп келе жатқанын да баса айтты.

29 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар шенеуніктерге сөгіс жариялады. Оның ішінде Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин де бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: