Жаңалықтар тізбегі
0

Алексей Цой қазіргі тығырықтан шығудың 10 бағытын ұсынды

strategy2050.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2020 15:59 strategy2050.kz
Соңғы шұғыл шара - жерлеу тәртібін өзгерту.

Соңғы күндері елімізде тәулігіне 2 мыңнан аса адамнан коронавирус пен пневмония анықталады. Егер осылай жалғаса берсе, тамыздың соңына дейін ауруханаға жатқызуды қажет ететін науқастардың жалпы көрсеткіші күніне 27 мыңға жетеді, - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, деп хабарлайды "Хабар-24".

Сәйкесінше, 300 мыңға жуық стационарлық орын керек болады. Сала басшысы тығырықтан шығудың бірнеше нұсқасын ұсынды. Таңдау біреу болатыны анық, бірақ министр маңызды деген үш жолды атады.

Бірінішісі, жоғарыда айтқандай, бәрін осы күйінде қалдыру.

Екіншісі, республикалық деңгейде 2 апталық қатаң шектеу шараларын енгізу. Нәтижесінде, тәуліктік көрсеткішті 7 мыңға дейін төмендетуге болады. Ал науқастарға қажетті ауруханадағы орындар саны 80 мыңды құрайды.

Үшіншісі, 4 апталық шектеу енгізуге негізделген. Оның нәтижесінде тамыздың соңына қарай күнделікті тіркелетін науқастар саны 2500-дей болады. Ал қажетті орындар саны - 30 мың.

- Соңғысы әлдеқайда тиімді. Әсіресе, аурудың кеңінен етек жаюына жол бермеу және қажетті инфрақұрылымды дайындау сияқты мәселелердің алын алуға болады, - деді Алексей Цой.

Министр Алексей Цой коронавируспен күресте кезек күттірмейтін жұмыстар жайында айта келіп, істі оңға бастырар 10 бағыт туралы мәлімдеді.

- Ең алдымен қарапайым жұртқа түсінікті етіп жазылған емдеу жолы және нұсқаулықтарды тарату. Ол амбулаториялық деңгейде жүзеге асуы тиіс. Екінші, дәрі-дәрмектер сатып алу мен жеткізу мәселесін жеделдету. Әсіресе, отандық өндірушілерді ынталандыру. Үшіншісі, диагностиканы қолжетімді қылу. Әсіресе, заманауи цифрлық аппараттардың мүмкіндігін кеңінен пайдалу қажеттігі айталады. Одан кейін тест өткізетін зертханалардың қуаттылығын арттыру мен мобильді бригадалардың жұмысын шақырту кезінде тест алатындай ұйымдастыру мәселесі бар. Алтыншысы, науқастарға үй жағдайында барынша қауіпсіз медициналық көмек көрсету. Бұдан бөлек, қашықтықтан кеңес беруді ұйымдастыру мен ауруханаларды өкпені жасанды желдету аппараттарымен қамтамасыз етуге басымдық берілген. Тоғызыншысы, азаматтардың эпидемиялогиялық сақтығын арттыру болса, соңғы шұғыл шара - жерлеу тәртібін өзгерту.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: