Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте спорт кешенінен уақытша стационар ашылды

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2020 21:59 Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мұнда науқастарды орналастыру үшін 450 орын бар.

Шымкентте жеңіл атлетикалық спорт кешенінде ЖРВИ мен пневмониямен ауырған науқастарды қабылдайтын 450 орындық уақытша стационар ашылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Шымкент қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, маусым айының соңында Шымкент қаласында жұқпалы аурумен ауырған науқастар саны күрт өсті. Пневмониямен ауырғандар 5,8 есеге, ал ЖРВИ-мен ауырған науқастар саны 2 есеге артты. Осы жағдайға байланысты жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалатын тұрғындар саны 5 есеге көбейді. Орта есеппен бір күнде 2100-ден аса шақырту түсе бастады.

Бұл шақыртуларға дәл уақытында қызмет көрсету үшін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының тапсырмасымен жедел түрде провизорлы орындар ашылды. Бүгінде қалада барлық медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған 2870 төсек-орын бар. Оның 650-і жұқпалы ауруханаларға, 2220-сы провизорлы орынға арналған. Яғни, инфекциялық ауруға шалдыққан науқастар үшін орын жеткілікті.

Дегенмен жағдай қалыпқа келсе де, резервтік провизорлы орындар дайындалуда. Кеше жеңіл атлетикалық спорт кешенінен 150 орын дайындалды. Бұл орындар 1 шілде күні 450 орынға жеткізілмек.

Айта кетейік, Шымкент қаласында халықтың денсаулығын нығайту мақсатында күндізгі стационар қызметкерлері демалыссыз қызмет көрсетуде. Ал барлық ауруханалар мен емханаларға дәрі-дәрмек үзіліссіз жеткізілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: