Жаңалықтар тізбегі
0

Науқастарға қанша төлейсіздер, мен де ауырайын!

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2020 21:35 видеодан кадр
Ауырып жатқандарға ақша беріп жатыр екен дейді.

Науқастарға қанша төлейсіздер, мен де ауырайын?! Ақтөбеде COVID-19 қауырт желісіне осылай деп хабарласатындар бар екен. Енді ғана іске қосылған орталыққа тәулік бойы түрлі сауалдар түседі. Телефон тұтқасында отырған операторларға тіпті пандемияға қатысы жоқ сұрақтарға да жауап беруге тура келеді. Колл-центрдегілерді тығырыққа тіреген қандай сауалдар?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

906-606. Дәл осы алты санды терсеңіз, оператор пандемияға қатысты сауалыңызға жауап береді. Әр оператордың алдында интернетке қосылған бір-бір компьютер және ақпарат жазылған анықтамалық бар. Телефон тұтқасында отырғандардың барлығы мемлекеттік қызметкерлер. Олар үш ауысыммен жұмыс істейді.

Советхан Байманов, облыстық ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасының бөлім басшысы:

"Күніне 600-ден 1000-ға дейін, кейде одан да көбірек қоңырау шалады. Адамдардың қойған сұрағын біз аяғына дейін жеткізуге тырысамыз. Сол бойы жауап бере алмасақ, артынан құзырлы мекемелерге шығып, кері байланыс жасап, жауап беруге тырысамыз".

Ақтөбеліктерді не алаңдатады? Операторлар соңғы 3 тәулікте дәрі-дәрмек туралы сұрайтындар саны күрт артқанын айтты. Керек препаратты таба алмай жүргендер хабарласса, Колл-орталықтағылар қай дәріханада бар екенін анықтаған жағдайда, сол мекеменің байланыс телефондарын береді.

Шоқан Марат, қауырт желі операторы:

"Қоятын сұрақтардың көбісі – дәрі жоқ, осындай дәріні тауып беріңіздер ма, жедел жәрдем телефонын алмайды! Звондап жатырмыз, ешкім жауап бермейді".

Колл-орталыққа хабарласқандар пандемияға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын сұрақтарды қояды екен. Мәселен, моншаға барғымыз келді, жұмыс істеп тұр ма екеннен бастап, бітеліп қалған кәріз құбыры, жолдың жайын айтып шағымданатындар да бар екен. Ал індет басталған кезде, коронавирустың барына сенбей, жасап жатқан тірліктерің өтірік деп айтқандар да болған.

Шоқан Марат, қауырт желі операторы:

"Ауырып жатқандарға ақша беріп жатыр екен дейді. Сондай сұрақтар болды. Қаншадан беріп жатсыңдар деп сұрақ қояды. Ол кезде сенбеді. Қазір сеніп жатқан шығар. Үлкен әжелер звондайды сосын. Маған домофон керек. Кілті керек. Істеп беріңдер, сендер "цифралсыңдар ғой" дейді".

Әкім-қаралар колл-орталық арқылы халықпен кері байланыс орнаттық, жағдай бақылауда дегенімен, дәрі-дәрмек тапшылығы әлі өзекті. Қай дәріханаға бармаңыз, ұзын-сонар кезек. Іздегенін тапқандар некен-саяқ. Сол баяғы қызу түсіретін, антибиотик, тұмауға қарсы препараттар қат.

Қауырт желі арқылы пандемия, карантин, шектеу шаралары және сырқат белгілері мен дәрі-дәрмекке қатысты сауалдарды жолдауға болады. 906-606 телефонына 24 сағат бойы хабарласуға болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: