Жаңалықтар тізбегі
0

42 500 теңге - біржолғы төлемін белгілеудің жаңа тәртібі

m.azh.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2020 22:28 m.azh.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2020 жылдың шілде айында карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жұмыс істеп жатқан қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем жүзеге асырылады.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгені тағайындау қағидаларын түсіндірді, деп хабарлайды "Хабар-24".

Еңбекминінің басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2020 жылдың шілде айында карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жұмыс істеп жатқан қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем жүзеге асырылатынын еске салды, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, жоғарыда аталған төлемге мына санаттағы азаматтар үміткер бола алады:

1) екінші деңгейдегі банктердің қызметкерлерін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғаларды, мемлекеттік заңды тұлғаларды (шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерін қоспағанда), сондай-ақ акцияларының және жарғылық капиталындағы үлесі 100% мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды қоспағанда, жалақы сақталмайтын еңбек демалысы кезіндегі қызметкерлер;

2) жеке кәсіпкерлер;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – АҚС шарттары бойынша табыс алатын жеке тұлғалар);

5) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар.

"Жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген және төлемге құқығы бар қызметкерлердің тізімін жұмыс берушілер egov.kz және 42500.enbek.kz порталдары арқылы ұсынады. Олардың қызметінің шектелу фактісін құрамына ҰКП мен кәсіподақтардың өкілдері кіретін аудандық және қалалық штабтар растайды. Басқа санаттар төлемдерді тағайындау үшін өз бетінше өтініш береді. Ол үшін біз бірнеше жолды қарастырдық", – деді Біржан Нұрымбетов.

Жалдамалы қызметкер болып табылмайтын, төлем тағайындауға жататын азаматтар:

- egov.kz – "электрондық үкіметтің" веб-порталы;

- 42500.enbek.kz порталы;

- "Электрондық үкімет" telegram-bot-ы;

- Aitu мессенджерінде 42500.enbek.kz қосымшасы;

- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш бере алады.

"Сонымен қатар біз төлемдерді проактивті форматта тағайындауды қарастырамыз. Біз қызметі шектелген болса, соңғы рет төлем алған азаматтардан SMS арқылы табысын жоғалту фактісін растауды сұраймыз. Оң жауап пен проактивті түрде тағайындауға келісім болған жағдайда, төлемдер өтінішсіз тағайындалады. Олардың порталдарға өтініш беруінің қажеті жоқ, олар өз мәртебесін одан әрі қадағалай алады", – деп толықтырды министр.

Біржолғы төлем қатаң карантиндік шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табыстан толық айырылу фактісі жоқ адамдарға, оның ішінде:

1) жұмыс берушінің, жеке кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс алатын жеке тұлғаның қызметі қатаң карантиндік шектеу шараларының енгізілуімен шектелмеген жағдайда;

2) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген адамдарды қоспағанда, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысындағы немесе әлеуметтік демалыстағы сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес тоқтап тұрудың енгізілуіне байланысты жұмысынан босатылған адамдарға;

3) ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бірыңғай жиынтық төлем төлеу фактісі анықталмаған БЖТ төлеушілерге;

4) АҚС шарттар бойынша жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) табыс алатын, ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта өздері үшін міндетті зейнетақы жарналары түспеген жеке тұлғаларға;

5) зейнетақы жарналарын, мемлекеттік жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылмаған адамдарға және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс күшінің құрамына кірмейтін, Қазақстан Республикасы бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес карантиндік шектеу шаралары енгізілген кезеңде БЖТ төлеген адамдарға;

6) толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі адамдарға;

7) біржолғы төлем алушының жоғалтылған табысы қалпына келтірілген жағдайда тағайындалмайды.

"Өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады", – деп түйіндеді Біржан Нұрымбетов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: