Тоқтап тұрған кейбір жолаушылар пойызы 2 тамызға дейін жолға шықпайды

realkz.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2020 23:27 realkz.com
ҚР мемлекеттік комиссиясының 2 шілдедегі шешіміне, бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 3 шілдедегі қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында мына жолаушы пойыздарының уақытша тоқтатылуы тағы 2 аптаға ұзарады.

Карантин кезінде уақытша тоқтатылған кейбір жолаушы пойыздары тағы екі апта бойына жолға шықпайды, деп хабарлады zakon.kz.

Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі мәлімет таратты.

ҚР мемлекеттік комиссиясының 2 шілдедегі шешіміне, бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 3 шілдедегі қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында мына жолаушы пойыздарының уақытша тоқтатылуы тағы 2 аптаға ұзарады:

1. № 31/32 "Алматы-2 – Павлодар" пойызы;

2. № 258/257 "Нұр-Сұлтан-1 – Достық" пойызы;

3. № 3/4 "Нұр-Сұлтан – Нұрлы Жол – Алматы-2" пойызы;

4. № 68/67 "Нұр-Сұлтан – Нұрлы Жол – Өскемен-1" пойызы.

Аталған пойыздарға билет алған жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтарып, ақшалай қаражатты толық көлемде ала алады. Жолаушы пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты "105" нөмірі бойынша білуге болады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды және коронавирус пандемиясы кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды сұрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: