Еліміздің бірқатар өңірінде күн 43 градусқа дейін ысиды
Қазақстанның бірнеше аймағында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.
17 шілдеге қараған түні Атырау облысының кей жерлерінде күн күркіреп, солтүстіктен күшті жел тұрады (екпіні - 15-20 м / с), түстен кейін 34-39, оңтүстікте 42 градусқа дейін қатты ыстық болып, өрт қаупі туындайды. 17 шілдеде Атырауда 40-42 градусқа дейін қатты ысиды.
17 шілдеде түстен кейін Ақтөбе облысының кей жерлерінде күн күркіреп, оңтүстік-шығыстан жел соғып, ол солтүстік-шығысқа ойысады, күн күркірейді, желдің екпіні - 18 м /с.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Күндіз бұл аймақта 38-41 градус ыстық болады.
17-18 шілдеде күндіз Түркістан облысында, көбіне, 40-43 градусқа дейін қатты ысиды деп күтілуде.
17-18 шілде күндіз Шымкентте 40 градус, Түркістанда 40-42 градус ыстық болады деп күтілуде.
17-19 шілде күндіз Қостанай облысында 35-39 градус ыстық болады деп күтіледі. 17-19 шілдеде күндіз Қостанай қаласында қатты ыстық болып, сынап бағаны 36 градусқа дейін көтеріледі.
17 шілдеде түстен кейін Ақмола облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, жел екпіні - 15-20 м / с құрайды.
17 шілдеде күндіз Нұр-Сұлтанда солтүстік-шығыстан жел соғады.
Қызылорда облысында солтүстік, солтүстік-шығыстан жел 15-20 м / с күшейеді. Күндіз 40-41 градусқа дейін қатты ыстық күтіліп, өрт қаупі сақталады.
17 шілдеде Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жел екпіні -15-20, 23 м / с.
Күндіз оңтүстікте 38 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағандыда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м / с, Жезқазған қаласында 17 шілдеде күндіз 36-38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.
17-20 шілдеде күндіз Жамбыл облысында 40 ° C дейін ыстық болады. 17-20 шілде күндіз Таразда күндіз 38 градус ыстық болады.