Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтауда бір тәулікте 50 адам жер қойнына тапсырылуда - жерлеу рәсімі қызметі

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2020 15:59 Сурет: zakon.kz
Ақтаудағы жерлеу рәсімі орталығының мәліметінше, адамдар көктемде негізінен онкология мен жүрек ауруынан қайтыс болған. Қазіргі ахуал мүлде бөлек. Өкпе қабынуынан көз жұмғандардың саны өсіп кеткен.

Ақтау тұрғындары зираттағы молалардың көптігінен шошып отыр. Ресми дерек бойынша аймақта коронавирустан 12 адам қайтыс болғанмен, өкпе қабынуынан қанша адамның жер құшқаны жөнінде әлі дерек жоқ. Ал жерлеу рәсімімен айналысатын орталықтар марқұмдардың саны шынында артқанын растады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Соңғы екі аптадан бері іс насырға шапқандай. Осыған дейін өңірде күніне орташа бес адамды жерлесе, қазір бұл көрсеткіш 50-ге дейін өскен. Бұл - тек облыс орталығындағы статистика. Жергілікті тұрғындардың дені бетпердемен жүргенмен, көрінбейтін кеселдің алдында оның өзі қауқарсыз. Ақтаудағы жерлеу рәсімі орталығының мәліметінше, адамдар көктемде негізінен онкология мен жүрек ауруынан қайтыс болған. Қазіргі ахуал мүлде бөлек. Өкпе қабынуынан көз жұмғандардың саны өсіп кеткен.

Наталья Серова, Жерлеу рәсімі агенттігінің директоры:

- Осыдан бірнеше апта бұрын басталды. Бірден 17, одан кейін келесі күні 28 адамға бір-ақ өсті. Басқа күндері көрсеткіш 40, тіптен 50 адамға дейін ұлғайды. Бұл жерде христиандар да, мұсылмандар да бар. Христиандар күніне орташа 10 болса, мұсылмандар 3-4 есеге көп. Көбіне бәрі өкпе қабынуынан көз жұмып жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: