Ысқақ Егембердиев "Атырау-Ақпарат" медиа-холдингінің директоры болып тағайындалды
Бүгін "Атырау-Ақпарат" медиа-холдингінің жаңа директоры болып Ысқақ Егембердиев тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz Атырау облысының коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
"Атырау-ақпарат" ұжымына жаңа басшыны Атырау облысы әкімнің орынбасары Бақытгүл Хаменова таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Ысқақ Егембердиев 1983 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары.
2000-2004 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетін бітірген. Одан кейін 2005-2007 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысы Жезқазған қаласының “Сарыарқа”, “Мысты өңір” газеттерінде тілші болып бастаған.
2003-2004 ж.ж. “Қазақ университеті”, “Жас Алаш” газеттерінің тілшісі қызметтерін атқарған.
2005-2019 жылдары аралығында “Хабар” агенттігінде сценарист, редактор, шеф-редактор, продюсер, жоба жетекшісі болып еңбек еткен.
2019 сәуірінен бастап "Атырау-Ақпарат" ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарып келді.
Қазіргі уақытта "Атырау – Ақпарат" медиахолдингі 2 облыстық, 7 аудандық газеттерді, 11 сайтты және үлкен баспахананы біріктіріп отырған үлкен құрылым. Қазіргі уақытта холдингте дәстүрлі журналистикамен бірге, интернет медиа дамып келеді.