Ковид науқастардың телефонын алып қоюына байланысты Бас санитарлық дәрігер түсінік берді
Ортком
"Қызыл зонада" жұмыс істейтін дәрігерлерге, медицина қызметкерлеріне ұялы телефондарды, сағаттарды, білезік секілді тағы басқа әшекейлерді пайдалануға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавируспен ауыратын науқастардың ауруханаларда ұялы телефонды қолдану-қолданбауына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.
"Қазіргі уақытта менің жарлығыма сәйкес, "қызыл зонада" жұмыс істейтін дәрігерлерге, медицина қызметкерлеріне ұялы телефондарды, сағаттарды, білезік секілді тағы басқа әшекейлерді пайдалануға тыйым салынады. Өйткені бұл заттар инфекцияның одан әрі таралуына себеп болуы мүмкін. Науқастар үшін ұялы телефондарды қолдануға тыйым салынбаған, бірақ ауруханада аудио / фото және видео түсіруге тыйым салынған", - деп жазды Есмағамбетова facebook-те.
Бірақ бейне / аудио және суретке түсіруге салынған тыйым науқастардың туыстарымен және достарымен сөйлесу қабілетіне ешқандай әсер етпейді. Бұрындары БҚО-да CVI-мен ауыратын науқастардан телефон алынып қойғаны, оның инфекцияның негізгі көзі болмаса да аурухана жағдайында оның ауру жұқтыру қаупі бар екендігін түсіндірген хабар тараған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript