Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда пневмониядан тағы бір дәрігер қайтыс болды

Ақ Жайық, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2020 21:30 Ақ Жайық
Нариман Ақпанов - Атыраудағы пневмониядан қайтыс болған бесінші медицина қызметкері.

Атырауда №4 қалалық емхананың рентгенолог-дәрігері Нариман Ақпанов қайтыс болды. Бұл - Атыраудағы пневмониядан қайтыс болған бесінші медицина қызметкері, деп хабарлайды zakon.kz "Ақ жайық" басылымына сілтеме жасап.

Дәрігер неден қайтыс болғанын ресми хабарлаған жоқ, бірақ ол пневмониямен ауырды деген ақпарат бар.

- Нариман Зұлпыхарұлы көп жылдар бойы біздің №4 емханада еңбек етті. Өзінің терең білімі мен біліктілігін науқастарды емдеуге арнады. Оның өткір әзілі мен адами парасаттылығы, әділдікті ту етіп, өз позициясын қорғай білуі қасиеті біз үшін әрдайым үлгі болатын, - деп жазады марқұмның әріптестері.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін коронавируспен күресіп жүріп атыраулық төрт дәрігер қаза тапты. Олардың үшеуі - №2 облыстық аурухананың инфекционисі Жұмабек ДӘУЛЕТОВ, облыстық кардиология орталығының хатшысы Елена ПАПУЗИНА, облыстық аурухананың дәрігері Ғадлет СҰЛТАНҒАЛИЕВ қайтыс болғаннан кейін "Құрмет" орденімен марапатталды, ал облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Алмагүл ДЕМЕСІНОВА қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.

Имандары саламат болсын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: