Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда "белгісіз пневмониядан" қайтыс болғандарды жаңа тәртіппен жерлейтін болды

akhbori.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2020 20:54 akhbori.org
Пневмониядан қайтыс болғандарды коронавирус марқұмдар секілді жерлейді.

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Қаулыға осындай тиісті өзгерістерді енгізді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Коронавирус инфекциясы ошағынан анықталған әрі коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандығына күдік келтірген марқұмдарды жерлеу алгоритмі белгісіз этиология бойынша пневмониядан үйде немесе медициналық ұйымдарда көз жұмған науқастарды көмуге арналған алгоритмнің де орнын басады", делінген құжатта.

Медициналық ұйымдарда коронавирус инфекциясынан қайтыс болу фактісі анықталғаннан кейін, COVID-19 немесе белгісіз этиология бойынша пневмония күдігімен қайтыс болған адамның денелері қажетті шаралар қабылдау үшін Алматы қаласындағы U03 патологиялық бюросына жеткізіледі.

Құжаттың тармақтарының бірінде Қазақстан Республикасының аумағында шетел азаматтары қайтыс болған жағдайда, мәйітті тасымалдау және оны жерлеудің барлық шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады деп көрсетілген.

Сондай-ақ, белгіленген қауіпсіздік ережелерін сақтаған жағдайда қайтыс болған шетелдік азаматтың туыстары жерлеу рәсімдеріне қатыса алады.

Айта кету керек, қала ішінде адамдар үшін нақты жерлеу орны болмаған кезде, туыстарының / заңды өкілдерінің келісімімен, талап етілмеген денелерді көму СКРУ анықтаған жерлерде жүзеге асырылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: