Жаңалықтар тізбегі
0

Министр Асқар Жұмағалиев қызметінен босатылды

казньюс, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2020 22:08 казньюс
Ол бұл лауазымды қызметті 2019 жылдың маусым айынан бастап атқарған.

Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды", делінген Ақорданың хабарламасында.

Ол бұл лауазымды қызметті 2019 жылдың маусым айынан бастап атқарған.

Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев 1972 жылы 2 тамызда РКФСР Орынбор облысында туған.

Свердлов Суворов ескери училищесін; Ракета әскерінің Харьков жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін; қаласы Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің техника факультетін (1996) "Радиобайланыс, радиотарату және теледидар" мамандығы бойынша; Қазақ гуманитарлық-заң академиясының заң факультетін (2002) "Заңтану" мамандығы бойынша; Швейцариялық федеративтік технологиялар институтын (Есоіе Роіуіесһпідие Ғесіегаіе сіе Іаизаппе, Лозанна қаласы) "Электрондық басқару жөніндегі шебер" мамандығы бойынша бітірген.

1996 жылдан - "Жарық" ЖШС директоры.

1998 жылдан - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі РЧС жоспарлау секторының меңгерушісі .

1999 жылдан - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Келіктік бақылау комитетінің бас маманы, бөлім бастығы.

2000 жылдан - "Телекоммуникациялық трафик биллингі республикалық орталығы (ТТБ-орталығы)" РМК-да жұмыс істеген.

2001 жылдан - ҚР Көлік және комму-никация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті басқармасының бастығы, төрағасының орынбасары.

2003 жылдан - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары,

2005 жылдан - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары,

2006 жылдың қаңтарынан - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасы.

2006 жылдың қазанынан - "Қазақтелеком" АҚ президенті,

2007 жылдан - басқармасының төрағасы.

2010 жылдың наурызынан - ҚР байланыс және ақпарат министрі.

2015 жылдың 6 мамырынан - "ҚазАтомӨнеркәсіптің" төрағасы.

2017 жыл 29 тамыздан бастап - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

2018 жылдың 26 желтоқсанынан бастап - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

2019 жылдың 25 ақпанынан бастап - Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

2019 жылдың 18 маусымынан бастап - Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: