Нұр-Сұлтанда барлық компьютерлік томографтар тәуліктік режимге ауыстырылды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2020 16:42 Ақорда
Елордада он жеті КТ-аппараты бар.

Елордада науқастарға медициналық көмекті дер кезінде көрсету үшін барлық компьютерлік томографтардың жұмысы тәуліктік режимге ауыстырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Компьютерлік томография covid-19 нәтижесінде пайда болатын пневмония мен өкпедегі басқа да патологияларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

Елордада он жеті КТ-аппараты бар. Олардың барлығы тәулік бойы жұмыс жасайды. Елорда әкімдігі қосымша тағы екі КТ аппаратын сатып алды. Олар шілде айының соңына дейін қалаға әкелінеді.

Қаладағы барлық 14 мемлекеттік және 2 жеке емханада рентген аппараттары бар. Маусым-шілде айларында барлығы 20 мыңға жуық кеуде қуысына зерттеу жүргізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: