Қазақстанда ауруханалар жоспарлы отаға қашан көше бастайды

uralpress.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2020 18:44 uralpress.ru
Халыққа қызмет көрсетудің жекелеген бағытын және медициналық ұйымдардың COVID-19-мен күресу дәрежесіне байланысты күнделікті медициналық көмекті қалпына келтірудің екі кезеңі қарастырылды - Цой.

Министрлік күнделікті медициналық көмекті қалпына келтірудің екі кезеңін әзірледі, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында, деп хабарлайды zakon.kz.

- Министрлік халыққа жоспарлы медициналық көмек көрсетуді кезең-кезеңімен қайта қалпына келтіру жоспарын, оның ішінде жоғары технологиялық жобасын да әзірледі. Халыққа қызмет көрсетудің жекелеген бағытын және медициналық ұйымдардың COVID-19-мен күресу дәрежесіне байланысты күнделікті медициналық көмекті қалпына келтірудің екі кезеңі қарастырылды, - деді Цой.

Оның айтуынша, ауруханалардағы төсек-орын науқастардан 50%-ке босағанда, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, профильді және жоспарланған төсек-орындарын 50% -ға ашу жоспарда бар. Яғни, ауруханадағы ковид науқастар 50 пайызға азайғанда, жаппай зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, аурухана бұрынғы қызметіне ақырындап бейіделе бастайды, бастапқыда 50 пайыз төсек-орындық көлемде науқас қабылдауды бастайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: