Шпекбаев халықтың ақшасын "жәукемдейтіндер" туралы айтты

b-g.by, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2020 20:53 b-g.by
Шпекбаев мемлекеттік бағдарламаларды қолдау профилактикалық, сондай-ақ жедел-тергеу түрінде де жүретінін атап өтті.

Алик Шекбаев мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға жан-жақты қолдауды күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.

- Азаматтар қатаң бақылауды талап етеді, онысы орынды да, сондықтан біз әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда мемлекеттік ақшаның "желінуінің" шұғыл алдын-алып, оны тоқтатуға міндеттіміз. Мұндағы тиімді алдын-алу шарасы - ақшаны ұрлау немесе бөтен мақсатқа пайдалану алғышарттарын жоятын, бағдарламаның даярлануы сатысында толыққанды сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудит жүргізілуі бола алады, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы алты айдың қорытындысы бойынша өткен Агенттіктің алқалы жиынында.

Ол мемлекеттік бағдарламаларды қолдау профилактикалық, сондай-ақ жедел-тергеу түрінде де жүретінін атап өтті.

- Мұның бәрі Мемлекет басшысының бұйрығымен келісіледі, жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламада ақша ұрлауға жол бермес үшін, - деп толықтырды сөзін ол.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: