Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде пневмонияның дәрісі тегін таратылатын болады

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2020 21:42 Pixabay
Адамдар бұл препараттарды көшеден іздеп жүрмесі үшін, алдын ала біз пневмонияны, коронавирустық пневмонияны, КВИ-ді үйде және амбулаторияда тікелей емдеуге арналған 5 негізгі фармацевтикалық дәрі-дәрмекті хатамаға қосу мәселесін пысықтаймыз - А.Цой.

Денсаулық сақтау министрлігі пневмонияны, коронавирустық пневмонияны және КВИ-ді үйде және амбулаторлық жағдайда емдеуге арналған медициналық хаттамаларға бес негізгі фармацевтикалық дәрілерді енгізеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Адамдар бұл препараттарды көшеден іздеп жүрмесі үшін, алдын ала біз пневмонияны, коронавирустық пневмонияны, КВИ-ді үйде және амбулаторияда тікелей емдеуге арналған 5 негізгі фармацевтикалық дәрі-дәрмекті хатамаға қосу мәселесін пысықтаймыз. Қазір қажетті процедуралар жүргізіліп жатыр, емдеу хаттамалары енгізілуде, біз науқастардың ауруханаға бармай-ақ үйде алуға болатындай етіп дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесімен айналысып жатырмыз, - деді ол.

Сонымен қатар, ол бөлшек сауда желілеріне дәрі-дәрмек жеткізуді бір жолға қою үшін барлық күш-жігер жұмсалғанын атап өтті.

- Бөлшек сауда үшін біз Ресей мен Үндістанға 6 рейс ұйымдастырдық және Қазақстанға 4 миллионнан астам қорап дәрі-дәрмек жеткізілді, сонымен қатар әр аймақ осы мәселемен өз бетінше айналысады, дәрінің қолжетімділігін арттыру үшін қосымша ұшақтар рейске шығарылуда. Кейбір жерлерде біз әлі де белгілі бір тапшылықты көріп отырмыз, бірақ жалпы жағдай тұрақтанды. Бірақ дәрі-дәрмек жоқ емес, келіп жатыр. Бұл процесс түзеледі, біздің компаниялар нарыққа қажетті дәрі-дәрмектер уақытында жеткізіледі деп ойлайды, - деді министр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: