Карантин алынғаннан кейін де қазақстандықтарға сақ болу ескертілді
Liter.kz
Маска кию, арақашықтықты сақтау, таныс адамдардан басқасына вирус жұқтыру күдігімен қарап, сақтану - күнделікті қалыпты нормаға айналуы керек.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарды карантин алынып тасталғаннан кейін де сақтық шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды zakon.kz.
- Шектеу шаралары алынып тасталған кезде, КВИ өздігінен жойылып кетпегенін түсінуіміз керек, бұл өте маңызды жайт. Өмір жалғасуда, бірақ ғалымдар вакцина ойлап тапқанға дейін COVID-19 бізбен бірге өмір сүруін жалғастыра береді, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Министр адамдардың барлық жағдайларға бейімделе алатындығын атап өтті. Мысалы, күн суытса адамдар қалың киінеді, жаңбыр жауса қолшатырды пайдаланады, бұл да сол секілді.
- Егер инфекция болса, эпидемиологиялық маусымның күшею кезеңі болады. Соған сай әрекетке бейімделу керек. Маска кию, арақашықтықты сақтау, таныс адамдардан басқасына вирус жұқтыру күдігімен қарап, сақтану - күнделікті қалыпты нормаға айналуы керек. Біз аурудың шыңына жетпейінше, КВИ-ды жеңе алмаймыз. Денсаулық сақтау жүйесіне де қолдау көрсетіңіздер. Қалай дейсіздер ме? Бір-біріңізден арақашықтықты сақтап, қолды жиі жуып, спортпен шұғылданып, ағзамызды дәрумендермен, жақсы тамақтанумен байытып, көмектесу керек. Егер біз осылай жасасақ, біз инфекцияны жеңіп, бұл кезеңнен де аман өтеміз деп ойлаймын, - деп түйіндеді сөзін ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript