Атырауда қара түтінмен ұшқан ұшақ туралы түсінік берілді

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2020 19:23 Pixabay
Әлеуметтік желілерде Атырау әуежайынан ұшқан әуе кемесінің видеосы жарияланған болатын.

Авиация мамандары бұл жағдайға қатысты өз пікірлерін білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде Атырау әуежайынан ұшқан әуе кемесінің видеосы жарияланған болатын. Онда ұшақ артынан шыққан қара түтінді байқауға болады.

Жергілікті әуежайдың инженерлік-авиациялық қызметінің бастығы Андрей Кимнің айтуынша, кеше түстен кейінгі уақытта әуежайдан АН-12 жүк ұшағы ұшқан.

- Ұшу режимінде қоспаның әдеттегі байытылуы орын алып, соның нәтижесінде шығарынды пайда болған. Бұл қалыпты жағдай.Кеңестік өндірістің барлық дерлік ұшағы осындай әсер береді. Ұшақ биіктіктегі номиналды режимге түскеннен кейін, қара түтін жоғалады. Сондықтан алаңдайтын себеп жоқ, - деді Андрей Ким.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: