Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында мал ұрлығы 31 пайызға төмендеді

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2020 19:39 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Мал ұрлығының алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары мал және ет өнімдерінің тасымалына қойылатын талапты да қатаңдатқан.

Биыл Алматы облысында тәртіп сақшылары биыл өзгенің мүлкін ұрлаған 2000 жуық тұлғаның әрекетін әшкерелеген, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1952 тұлғаның өзгенің мүлкін ұрлағаны анықталған. Олардың ішінде ұрлықты кәсіп қылған кәнігі қылмыстық топтардың мүшелері де бар.

"Ұрлықтарды ашуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары барысында биыл 59 қылмыстық топтың жолы кесілді. Олардың 189 ұрлық дерегіне қатысы бары дәлелденді", - деп атап өтті Алматы облысы Криминалдық полиция басқармасының орынбасары полиция подполковнигі Дәурен Сәкенов.

Полиция өкілінің айтуынша, облыс аумағында биыл 48 мал ұрлығын жасаған 15 барымташылар тобы қолға түскен. Олар жасаған қылмыстардың 27 дерегі ауыр қылмыстар санатына жатқызылған.

"Биыл мал ұрлығы дерегі 31 пайызға төмендеді. Полицейлер барымташылардың жетегінде кеткен 823 бас малды тауып, заңды иелеріне қайтарды. Бұған дейінгі жылдары жасалған мал ұрлығына қатысы бар 80 қылмыстың мән-жайы анықталды", - деді полиция подполковнигі Дәурен Сәкенов.

Айта кету керек, мал ұрлығының алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары мал және ет өнімдерінің тасымалына қойылатын талапты да қатаңдатқан.

Алматы облысында биыл тиісті құжатсыз мал және ет өнімдерін тасымалдаудың 40 дерегі анықталып, жүргізушілерге 850 мың теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: