Карантин аяқталғанша Көлсайға ешкім жіберілмейді
vivid-travel.kz
Табиғи паркке кіруге 2 тамызға дейін тыйым салынды.
Алматы облысындағы Көлсай көлдері карантин режимі аяқталғанға дейін жабық болады, деп хабарлады zakon.kz.
"Алматы облысы Кеген ауданының бас санитар дәрігерінің 21 шілдедені қаулысына сәйкес, 23 шілде сағат 00:00-ден бастап 2 тамызға дейін "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында кіруге тыйым салынған", делінген облыстық әкімдіктің хабарламасында.
Бұған дейін карантин режимі аяқталғанға дейін ұлттық парктерге, танымал туристік нысандарға (Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан) кіруге тыйым салынғаны хабарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript