Жаңалықтар тізбегі
0

2020 жылдың қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы көтеріледі

edu news, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2020 21:02 edu news
Қаңтардан бастап педагогтердің лауазымдық жалақылары 25%-ға көбейді және жыл сайын 25%-ға өсіп отырады.

Қазақстанда педагогтердің жалақысын ұлғайту бойынша шаралар қабылданды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР "Педагог мәртебесі туралы" Заңына сәйкес:

2020 жылдың қаңтарынан бастап педагогтердің лауазымдық жалақылары 25%-ға көбейді. Педагогтердің лауазымдық жалақылары жыл сайын 25%-ға өсіп отырады және 4 жылдың ішінде педагогтердің еңбекақылары екі есеге артады.

Сонымен қатар, біліктілік санаты бойынша:

педагогтерге лауазымдық жалақыдан 30-дан 50%-ға дейінгі мөлшерде;

мектеп директоры мен олардың орынбасарларына лауазымдық жалақыдан 30-дан 100%-ға дейінгі мөлшерде үстемақылар енгізілді.

2020 жылдың қыркүйегінен бастап дәптер тексеру мен сынып жетекшілігі үшін төленетін үстемақы көлемі екі есеге артады.

Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі бар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне 10 АЕК (27 780 теңге) мөлшерінде қосымша ақы төленеді.

Одан бөлек, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының тәлімгерлік жүргізетін мұғалімдеріне 17 697 теңге мөлшерінде үстемақы төленеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: