Жаңалықтар тізбегі
0

Абаев чиптеу мен төбеден вирус шашты дегенге сенетіндер жайлы өз ойын айтты

ОКҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2020 21:55 ОКҚ
Әкімдерді бұл үшін қанша жерден ит терісін басына қаптауға болады, бірақ ертең олар тексеру органдарына бұл сыбайлас жемқорлық схемасы емес екенін, қарапайым адамдардың өмірін сақтап қалу үшін жасалғанын дәлелдеуге тура келеді.

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев дәрі-дәрмектердің тапшылығы, волонтерлардың жұмысы және елімізде енгізілген карантинге қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Бүгінде үкіметтің барлық деңгейінде қауіптің ауқымы дұрыс есепке алынбағаны туралы нақты пайым бар. Жауапкершіліксіз болмайтынын да толықтай түсініп отыр бәрі. Мұның бәрінен, әрине, қажетті қорытынды жасалды. Осы қорытынды туралы айтар болсақ, әкімдер мен министрлердің отставкасын меңзеп тұрғаным жоқ. Бұл арада мемлекеттік басқаруды жүйелі қайта құру туралы сөз болып жатыр. Президент бұл мәселені мұқият зерттеуде.

Мемлекеттік аппарат, әдеттен тыс функциялардан арылып, оларды жеке меншікке, азаматтық қоғамға беруі керек. Мемлекеттік қызмет жақсы білімі мен тәжірибесі бар мықты мамандар үшін тартымды болуы тиіс.
Жұмыстың жекелеген заңды жақтарын да өзгерту қажет. Мәселен, төтенше жағдай кезінде әкімдіктер дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін көп уақытын сатып алу рәсіміне жұмсап, уақыт жоғалтты.

Әкімдерді бұл үшін қанша жерден ит терісін басына қаптауға болады, бірақ ертең олар тексеру органдарына бұл сыбайлас жемқорлық схемасы емес екенін, қарапайым адамдардың өмірін сақтап қалу үшін жасалғанын дәлелдеуге тура келеді. Мұндай мысалдар жеткілікті болды", - деп жазды Абаев өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Ол елімізде дайындық жұмыстары жүргізілгенін қадап айтты.

Дәрі-дәрмектерді, жасанды тыныс алу аппараттары алдын ала сатып алынды, тестілеу көлемі ұлғайтылды, отандық фармацевтикалық кәсіпорындардың қуаттылығы арттырылды және тағы басқалары да жасаллды. Бірақ бұл жеткіліксіз болып шықты. Аурулар санының кенеттен күрт өсіміне денсаулық сақтау жүйесі шыдас бере алмайтындай жағдайға тап болды. Мұндай жағдаймен дамыған және дамушы елдердің барлығы дерлік бетпе-бет келді.

Жыл сайын, ай сайын медицинаның күші шамамен бір көлемдегі адамдарға бағытталып келді, егер өсім болса, онда да ол біртіндіп орын алатын. Ал бұл жолы кенеттен, бірнеше айдың ішінде дәрігер көмегіне жүгінетін адамдар саны екі немесе 3 есе емес, бірнеше есе өсіп шыға келді. Мұндай көлемге қан қарсы тұру, әрине қиын.

Статистикаға қатысты да проблемалар болды.

Мұндағы басты себеп - мемлекеттік аппарат жұмысының бір бөлігіне айналған формализм. Шынында да, пневмониямен ауыратындарда коронавирусқа ПТР сынағы теріс болып шыққан. Осының негізінде бұл жағдайлар ресми статистикаға енгізілмеді. Ал, немесе тағы бір мысал - симптомы бар және симптомы жоқтар деп бөлу. Тағы да, бұл денсаулық сақтау жүйесіне түсетін ауыртпалықты есептеу үшін жасалды, бірақ соңында бұл шешім адамдарды шатастырды. Мемлекет басшысы бұл жағдайға араласуына, статистиканы біріктіруге бұйрық беруіне тура келді, деп жазады Абаев.

Қазір болып жатқан жағдайлар Денсаулық сақтау министрлігінің мәселесі ғана емес. Барлық бақылау тетіктері, оның ішінде идеологиялық тұрғыдан да сәтсіздікке ұшырадық, - деді Абаев.

- Көптеген адамдардың нормалар мен ережелерді сақтамауы, вирусты чиптеу немесе тікұшақпен төбеден шашу деген сияқты ақылға қонбайтын аңызға сенгендер болды - бұл қоғамдық сана мәселесі емей немене? Біз Президенттің айтқан сөздерінен қорытынды шығардық.

Бүгін бізге сау ақыл-ой идеологиясы, шынайылық идеологиясы қажет. Көз алдыға елесететін түрлі қорқынышты нәрселермен қоштасып, бұл жағдайды нақты мәліметтермен үйлестіретін идеологияны насихаттайтын уақыт жетті.

Ол мемлекеттік аппараттың ұрандап, барлығын Отан сүйгіштікке, бірлік пен ынтымақтастыққа шақыратындай жалпылама болмауы керек.
Біздің азаматтарымыздың шынайы патриотизмі - бұл ең үлгілі идеология, - деп сөзін түйіндейді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: