Жаңалықтар тізбегі
0

Экология министрi "Қазхром" зауытының қоршаған ортаны жақсарту жоспарын талқылады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлілі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2020 20:23 Экология, геология және табиғи ресурстар министрлілі
"Қазхром" Ақтөбе зауытындағы қалдықтарды азайту және қоқыстарды ұқсату жұмысын жандандыруы керек – Экология министрлігі

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ақтөбе облысында жұмыс сапарымен жүр. Онда ол "Қазхром" ТҰК Ақтөбе ферроқорытпа зауытының өндірістік алаңына барып, сондай-ақ өңірдегі ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту жұмысымен танысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Мен Ақтөбе облысында жұмыс сапарымен жүрмін. Бір күн бұрын "Қазхром" АФЗ-ның өндіріс алаңын араладым. Компания басшылығына N1, 2 цехтарының қалдықтарын 30%-ға азайту жөніндегі алған міндеттемелерін мүмкіндігінше тезірек орындау қажеттігін нұсқадым", - деп жазды министр жұмада.

"Сонымен қатар, "Қазхром" жалға алған мердігер компаниялардың жұмыстарды орындамауы салдарынан жинақталған қалдықтарды тиісті дәрежеде ұқсату үшін жедел шаралар қабылдауы керек", - деп толықтырды Экология министрі.

Министрдің айтуынша, осы және басқа да мәселелер министрліктің келесі аптадағы жиынында қаралады.

"Сондай-ақ облыстағы су ресурсының жағдайын, өңірдегі ирригациялық инфрақұрылымды құру және жаңғырту жұмысының барысымен таныстым. Өңірде бұл жұмыстардың оң нәтижесі білінеді: фермерлер жаңа жерлерді игеруде, жоңышқа егінін көбейтуде (жылына 4 рет өнім алады), шикізатты өңдеп, экспортқа жіберуде. Сондай-ақ, сүт фермаларын дамыту жоспарланған. Алдағы міндет - облыстағы суармалы жерлерді 32 900-ден 69,967 га-ға дейін ұлғайту" , - деді Мырзағалиев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: