Жаңалықтар тізбегі
0

Сәтпаевтағы оқиғаға байланысты Қарағанды облысының әкімі ел алдына шықты

Қарағанды облыстық әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2020 00:04 Қарағанды облыстық әкімдігі
Бірақ біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз, сондықтан да эмоцияларымызды тежеп, болған жағдайды құқықтық алаңда қарауымыз керек - Жеңіс Қасымбек.

Сәтбаев қаласында бес жасар қызды ұрлау ісі ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек аймақ тұрғындарына арналған видео үндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыс әкімі күдіктінің ұсталғанын, қазір барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты. Қыз ата-анасымен үйде. Өңір басшысы баланың денсаулығын үздік мамандар қадағалайтынына сендірді.

- Өкінішке орай, Сәтбаевта оқиға орын алған түні кінәсіз адамдар жапа шекті. Тәртіп бұзушыларды ауыздықтау үшін полицияның жеке құрамы оқиға орнына жұмылдырылды. Мен азаматтарымыздың жүрегі наразылыққа толы екенін түсінемін және онымен келісемін. Бірақ біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз, сондықтан да эмоцияларымызды тежеп, болған жағдайды құқықтық алаңда қарауымыз керек, - деді Жеңіс Қасымбек.

Ол сондай-ақ тергеу аяқталғаннан кейін кінәліні қатаң жаза күтіп тұрғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 23 шілдесінде Сәтбаев полициясына бес жасар қызының жоғалғаны туралы ер адам хабарлаған болатын. Іздестіру жұмыстарына жергілікті полиция бөлімінің барлық жеке құрамы мен жүзден астам еріктілер қатысты. Бала түнде көпқабатты үйлердің бірінен табылды. Бұл үлкен шу тудырды.

Қаладағы жағдай тұрақтанды. Қазір Сәтбаев күнделікті режимде өмір сүруде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: