Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыра алдық - Мамин
astrakhanfm.ru
Мемлекеттік комиссия карантиндік шараларды жұмсарту жоспарын қарастыруға кіріседі.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елімізде коронавирус инфекциясы бойынша жағдайдың тұрақтанғанын мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.
- Осыған дейін енгізілген карантиндік шаралардың мерзімі 2 тамызда аяқталады. Жалпы, осы кезеңде эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға, медициналық ұйымдарға түскен ауыртпалықты едәуір төмендетуге мүмкіндік туды. Аурудан емделіп, жазылған науқатардың саны 63% -дан асты. Күнделікті инфекция жұқтыру деңгейі 4% -дан 1,7% -ға дейін төмендеді. Ауруханаларда қамтылған орындар да 46% -ға дейін төмендеді. Маусым айымен салыстырғанда жедел жәрдем бригадасын шақыру саны да 38% азайды. Өңірлерде дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жеткілікті көлемде жүргізілді, - деді Асқар Мамин үкімет отырысында.
Ол эпидемиологиялық жағдайдың қазіргі көрсеткіштерін сақтау және оны жақсарта түсу қажет екенін атап өтті.
- Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жою жоспарын ұсынды. Қазіргі жағдай мен айдың қорытындыларын ескере отырып, біз бұл жоспарды Мемлекеттік комиссия отырысында егжей-тегжейлі қарастырамыз және тиісті шешімдер қабылдаймыз, - деді Үкімет басшысы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript