Жаңалықтар тізбегі
0

Дезинфекция шынымен пневмония тудыра ма?

astana.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2020 16:31 astana.gov.kz
Маска тағу және қол жуу сынды дезинфекция жүргізу де коронавирустың алдын алудағы қажетті шара.

Алматының кейбір тұрғындары коронавирус инфекциясының таралауын болдырмау мақсатында қала аумағына өңдеу жасалатын дезинфекциялаушы қоспалардың денсаулық үшін зиянды деп қауіптенуде. Осыған байланысты Алматы инфекционистері қалада жүргізілетін дезинфекция пневмония тудырады деп тарап жүрген ақпаратты жоққа шығарып, осыған байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Дәрігер-инфекционист, вирусолог, биоқауіпсіздік бойынша маман, доктор Phd Қарлығаш Әбдиева барлық препараттардың тиісті тексерулерден өткенін атап өтті.

"Дезинфекцияның пневмония тудыруы мүмкін емес, себебі дезинфекцияға арналған барлық препараттар қаншалықты улы болатынына тексеріліп, тест жасалады. COVID-19 вирусы беткі (үстіңгі) қабатта ұзақ сақталады, канадалық Pathogen Safety Data Sheets (PSDSs) зерттеулеріне сәйкес, коронавирус белгілі бір ылғалдылық пен температурада 7-9 тәулік сақтала алады. Сол себепті үстіңгі қабатты тиісті препараттармен дезинфекциялау вирустың таралуының алдын алуда қажет", - деп атап өтті ол.

Сонымен бірге, Қарлығаш Әбдиеваның айтуынша, COVID-19 вирусы күрделі, сөйлесу кезінде науқас адамның сілекейінен вирусы бар микротамшылар бөлінеді және олар беткі қабатта шамамен 30 минут бойы сақталады. Сол себепті дезинфекция қажет, әсіресе, елде коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары көбейген кезде.

"Біз бәріміз бет арқылы қалай жұғатынын білеміз, науқас адам келіп, таянышты (перила) ұстауы мүмкін, одан кейін оны басқа адам келіп ұстайды, кейін өзінің қолын бетіне апаруы мүмкін. Соның салдарынан тиісті дезинфекцияның болмауынан COVID-19-дың инфекцияны байланыс механизі арқылы таралу мүмкіндігі артады, - деп хабарлады Қарлығаш Әбдиева. – Көшелерді, тұрғын үй кіреберістерін дезинфекциялау коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуда маска тағу және қолды жиі жуу сияқты қажетті шаралардың бірі".

Өз кезегінде, инфекциялық бөлім меңгерушісі, фтизиохирург, Фтизиопульмонология орталығының пульмонологы Абзал Малбасқанов өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында дезинфекция пневмония тудырады деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін атап өтті. Ол тұрғындарға арандатушылыққа берілмей, ақпаратты ресми, ғылыми дерек көздерінен тексеруге кеңес берді.

"Қазір ресми дерек көздері бар. ДДСҰ ресми жарияланған дерек көздері, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрілігінің, 100% зерттеу жүргізетін ғылыми танымал журналдар бар", -деген Абзал Малбасқанов атауы жоқ арналарға сенудің қажеті жоқ екенін айтты.

Бүгінде Алматыда көпшілік пайдаланатын орындарға дезинфекция жүргізудің 28 кезеңі жүргізілуде, медициналық мекемелердің аумақтары, сауда нысандары, көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістері және аулалары және азаматтар көп жиналатын басқа да орындар. Кіреберістер мен аулаларға дезинфекциялық өңдеу жүргізу үшін "Глюзамин" және "Акма-Хлор" деген 2 түрлі дезинфекциялық құралдар қолданылады. Бұлар отандық өндірістегі тексеруден өткен, ҚР Кедендік Одағының санитарлық-гигиеналық талаптарына сәйкес келетін препараттар. Олар өндірілуіне, жүзеге асырылуы мен пайдаланылуына рұқсат етілген препараттар реестріне тіркелген. Аталған құралдар бактериялар, вирустар, қышымаларға қарсы тиімді, қауіптілігі төмен 3 топқа және қауіптілігі аз заттардың 4 тобына жатады, тітіркендіру әрекеті жоқ және адамдар үшін, жануарлар және құстар үшін зияны жоқ.

Осы жұмыстарға қолданылатын қоспалар аталған ұйымдардың арнайы оқудан өткен және куәлігі бар жауапты дезинфекторлар дайындайды. Тұрғын үйлердің кіреберістерін, ойын алаңдарын, көпшілік пайдаланатын басқа орындарды дезинфекциялау адамдар жоқ кезде, дезинфекциялау уақытын ескертумен жіне қауіпсіздік шараларын сақтау туралы түсіндіру арқылы жүргізіледі. Қала тұрғындарына өңдеу жасалғаннан кейінгі 5 сағат көлемінде аталған орындарға бармау ұсынысы жасалады.

"Акма-Хлордың" өзіне тән иісі бар екенін, ал "Глюзаминнің" иісі жоқ екенін атап өткен жөн. Сол себепті "Акма-хлор" ерітіндісін пайдаланып нысандарға өңдеу жүргізілген кезде адамдар препараттың иісін сезуі мүмкін, ал "Глюзамин" дезинфекциялық ерітіндісін пайдалану кезінде иісін сезбейді.

Алматыда қолданылып жатқан дезинфекциялық препараттарға жүйелі зертханалық бақылау жүргізіледі, бақылау қала басшылығының ерекше назарында. Лабораториялық зерттеулердің санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкестігін тексеру үшін тұрғын үй саясаты басқармасы дайын дезинфекциялық ерітінділерден сынама алып, оны "Алматы қаласының ұлттық сараптама орталығының" филиалына жеткізеді.

Халық короновирустық инфекцияныны тарату көзі науқас адам немеме симптомсыз ауырушы адам екенін естен шығармағаны жөн. Ауру жүргізіліп жатқан дезинфекциялық шараларға қатысы жоқ әртүрлі формада симптомсыз (жеңіл түрі) немесе өкпенің патологиялық зақымдануы мен аурудың өршуі орын алатын ауыр түрде болуы мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: