Тоқаев облыстардағы коронавирусқа байланысты жағдайға баға берді
Ақорда
Жалпы жағдай тұрақталып келеді.
Қалалар мен облыс әкімдері Мемлекет басшысына санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндап, есеп берді. Бұл туралы Facebook-те Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды zakon.kz.
"Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері аталған өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жайында баяндады. Олардың айтуынша, коронавируспен ауырғандардың қатары азайып, сауығып шыққан науқастардың саны көбейген. Жалпы жағдай тұрақталып келеді. Төсек-орындар мен дәрі-дәрмектердің қоры жасалған. Президент ахуалды қатаң бақылауда ұстап, аталған міндетке басым бағыт ретінде мән беруді тапсырды. Бұл ретте карантин шараларын сақтаудың маңызды екені және халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізе беру керектігі айтылды", делінген жазбада.
Алдында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 3 тамыздан бастап елімізде карантиндік шаралардың жұмсартылуы мүмкін екенін мәлімдеген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript