Жаңалықтар тізбегі
0

БҰҰ мен Жапония Орталық Азиядағы шегірткемен күресіп жатыр

ФАО / Luis Tato, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2020 02:03 ФАО / Luis Tato
Шегірткенің әдеттегі мекендеу және таралу аумақтары ұлттық шекаралардан асып кетеді, демек шегіртке мемлекеттер арасындағы саяси шекараларға қарамастан тарала береді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), Жапония үкіметі, Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) және Тәжікстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Тәжікстандағы шегірткемен күрес шараларын жүргізу бойынша жобаның екінші кезеңі аясында әріптестікті жалғастырмақ, деп хабарлайды zakon.kz ФАО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шегірткемен күрес шараларын кеңейту бойынша жоба келісіміне бүгін Жапонияның Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Такаюки Миясита, ФАО Өкілі Олег Гучгельдыев және Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігі өкілдігінің басшысы Танабэ Хидеки тараптарынан қол қойылды.

Бесжылдық аймақтық жоба 7,23 млн АҚШ доллары көлемінде қаржыландырылып, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан сияқты Орталық Азия мемлекеттері мен Ауғанстандағы шегірткемен күрес шараларын іске асыратын болады.

Жобаның басты мақсаты – адам денсаулығы мен қоршаған орта қажеттіліктерін ескере отырып, шегірткенің егістік пен жайылымдарға тигізетін зардабының алдын алу мен бәсеңдету арқылы азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл тұрғындарының тіршілік көздерін нығайту. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығын дамыту мен экономикалық өсім арқылы бүкіл аймақтағы кедейшілік азайып, экономикалық мүмкіндіктер жақсаратын болады.

"Биыл шегірткенің таралуына орай, әлемнің көптеген мемлекеттерінің ауыл шаруашылығы едәуір зардап шекті; бұл аймақ та шегіртке төндірген қауіптен құтыла алмайды", - деді қол қою салтанатында Такаюки Миясита.

"Шегіртке көршілес Үндістан мен Пәкістанға келіп үлгерді. Оның одан әрі таралып кетуінің алдын алу үшін қажет шараларды қолға алып, аймақтағы әрекетті уақытылы үйлестіру қажет. Жапон үкіметі ауыл шаруашылығы шегірткеден зардап шегіп келе жатқан Орталық Азия мемлекеттеріне жедел көмек беруге шешім қабылдады".

"Осы жобаны неғұрлым тезірек іске қосып, аймақтағы бес мемлекеттің ауыл шаруашылығын шегірткеден қорғаймыз деп үміттенемін, нәтижесінде аймақ одан әрі дами түседі", - деп қосты Миясита.

"Соңғы жылдары шегіртке Орталық Азия аумағы үшін едәуір қауіп төндіріп келеді. Елеулі шығынға батпасақ та, шегіртке популяциясы, әсіресе Тәжікстанда, биыл біршама үлкейген. Бұл ауыл шаруашылығы өндірісі мен шаруалардың тіршілік көздеріне, сондай-ақ елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, шегіртке таралуын жіті қадағалау мен зардаптардың алдын алу үшін уақытылы әрекет етуді талап етеді", - деді ФАО Тәжікстандағы өкілі Олег Гучгельдыев.

Шегіртке таралған аймақтарды мекендейтін ауыл тұрғындары аталған жоба аясында шегірткенің ошақтары мен оның жайылып кетуінің алдын алу және, сәйкесінше, егістік пен жайылымдарға тиетін зардаптың қысқаруы, азық-түлік қауіпсіздігінің нығаюы сияқты оң нәтиже көреді. Жоба, сонымен қатар, шегірткемен күрес шараларына жауапты жергілікті биліктің институционалды, техникалық, және адам ресурстарын ұлттық және аймақтық деңгейде күшейтеді.

"Жобаның бірінші кезеңі аясында Тәжікстан, Қырғызстан мен Ауғанстан арасындағы әріптестік күшейді. Шегіртке болса елдер арасындағы шекараларды елемей, мемлекеттер арасында тарай береді. Жобаға тағы Қазақстан, Түркіменстан мен Өзбекстанның қосылуы тек шегірткемен күрес үшін ғана емес, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың нығая түсуіне де атсалысады", - деді Танабе Хидеки. "JICA ауыл шаруашылығы саласына, нақтырақ айтқанда, нарыққа бейімделген ауыл шаруашылығын дамытуға келшекте де үлесін қоспақ, себебі аталмыш сала елдегі ең маңызды өндіріс салаларының бірі болып табылады", - деп қосты Танабе Хидеки.

Шегірткенің әдеттегі мекендеу және таралу аумақтары ұлттық шекаралардан асып кетеді, демек шегіртке мемлекеттер арасындағы саяси шекараларға қарамастан тарала береді. Осыған орай, бұл жоба мемлекеттер арасында шегіртке сияқты трансшекаралық өсімдік зиянкестерімен күрес үшін аса маңызды болып саналатын аймақтық ынтымақтастықты күшейтеді. Бұл орайда көрші елдер мен әріптестер арасындағы тұрақты әрі уақытылы ақпарат алмасу, сондай-ақ экологиялық тұрғыдан қауіпсіз бақылау жүргізу шаралары аса маңызды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: