"Екі күнде де түспеді". Ауруханада медбикелер науқастар жоғына қуанып, билеп жүр
видеодан алынды
Қазақстанда уақытша ауруханалар мен жұқпалы аурулар стационары түрінде ашылған жеті мекеме жабылды.
Желіде қорғаныс киіміндегі медбикелердің жұмыс орнында билеген видеосы жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Видеода қорғаныс костюміндегі медбикелер музыкаға билеп жүр. Ал оны түсіріп тұрған адам екі күннен бері ауруханаға бір де бір науқас түспегенін, бұл қуанышты жағдай екенін айтады. Алайда видеоның қай өңірде түсірілгені белгісіз.
- Алла ауруды аулақ қылып, осылай медбикелер билей берсін. Жақсы болған екен, деп жазды Facebook қолданушысы Мақсат Қуаныш.
28 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда уақытша ауруханалар мен жұқпалы аурулар стационары түрінде ашылған жеті мекеме жабылды. 2 тамыздан бастап Алматы мен басқа аймақтағы коронавирусқа байланысты уақытша ашылған орталықтарды жабу, төсек-орын санын қысқарту жоспарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript