Бақылау бекеттерінде таксистердің бәрін тексеру басталады

Юлия Дербичева, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2020 04:25 Юлия Дербичева
Жүргізушілерден рұқсат құжаттарын көрсету талап етіліп, көлікте арнайы "шақпақ" белгілер мен таксометр орнатылғаны тексеріледі.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚР аумағында Көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру Ережелеріне түзетулер енгізу жобасын әзірледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Құжатқа сай, стационарлық және жылжымалы Көліктік бақылау бекеттері қазіргідей тек "жүк құраушы аумақтар, автомагистраль қиылыстары мен негізгі халықаралық көлік дәліздерінде" ғана емес, енді "автомобиль жолдарының барлық түрлері мен елдімекендердің көшелерінде" де орнатылатын болады, деп жазады kolesa.kz.

Көліктік бақылау бекеттерінде жүк көліктері, арнайы автокөліктер, автобустар, микроавтобустар мен такси режимінде жұмыс істейтін жеңіл автокөліктер тоқтатылып, тексерілетін болады.

Жеңіл көлік жүргізушілерінің такси тасымалдаушысы ретіндегі қызмет туралы ескертудің қабылданғаны туралы талоны тексеріледі, сондай-ақ, такси ретінде пайдаланылатын автокөліктің заң талаптарына сәйкестігі тексеріледі.

Жоба авторлары осындай түзетулер арқылы елдегі жолаушылар тасымалын тәртіпке келтіру қажет, деп санайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: