Шымкенттік шенді мемлекеттік қызметке тағайындау үшін 15 мың доллар сұраған

арбатскиевести.рф, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2020 22:34 арбатскиевести.рф
Бұл факті бойынша қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімі тергеуді бастады.

Бөлім бастығы мемлекеттік органға жұмысқа орналастырғаны үшін пара алды деген күдікке ілінді, деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Бірінші бөлімінің аға тергеушісі Қайсар Баржақсынов арнайы брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.

- Шымкент қаласы ішкі мемлекеттік аудит департаментінің №2 сәйкестік аудиті бөлімінің бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, - деді Баржаксынов.

Тергеушінің сөзіне қарағанда, шенеунік 2020 жылдың 27 шілдесінде "А" есімді азаматтан мемлекеттік ревизор-аудитор қызметіне тағайындалғаны үшін 15 мың доллар көлемінде ақша алды деп күдікке ілінген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: