СҚО-да жаңадан салынған жол бір жылға жетпей-ақ бүлініп жатыр

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2020 22:57 24.kz
Жол қаптамасына жүргізілген зерттеу жұмыстары құрылыс барысында кеткен олқылықтарды анықтады. 18 шақырымдық автокөлік жолын жөндеуге мемлекеттік қазынадан 600 миллион теңге жұмсалған.

Солтүстік Қазақстан облысында өткен жылдың күзінде жөндеуден өткен "Благовещенка-Қайранкөл" бағытындағы жолдың сапасы прокуратураның назарына ілікті, деп хабарлайды "Хабар-24".

Жол қаптамасына жүргізілген зерттеу жұмыстары құрылыс барысында кеткен олқылықтарды анықтады.

Төселген асфальттің сапасы сын көтермейді. Облыстық маңызы бар тасжол тапсырысқа берілген бірнеше айдан кейін ой-шұңқырлар пайда болған. 18 шақырымдық автокөлік жолын жөндеуге мемлекеттік қазынадан 600 миллион теңге жұмсалған.

Александр Трикачев, прокуратура басқармасының басшысы:

- Біздің тапсырмамызға сәйкес экономикалық қылмысты тергеу департаменті тексеру жүргізіп, «Ұлттық жол активтері сапасы» филиалының мамандары, мемлекеттік ішкі аудитпен шолу жасады. Соның қортындысы бойынша шілде айының 24-де 189-баптың, 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр. Сараптама нәтижесі бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі анықталатын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: