Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Салтанат Рахымбекова дүниеден озды

Facebook, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2020 16:59 Facebook
Салтанат Рахымбекова 55 жаста еді.

Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Салтанат Рахымбекова көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаралы хабарды марқұмның зайыбы Төлеутай Рахымбеков Facebook-тегі парақшасында жазды.

55 жастағы Салтанат Рахымбекованың жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігі дертімен үш апта бойы күрескені жазылған.

Рақымбекова Салтанат 1965 жылы бұрынғы Шымкент облысы Жамбыл ауылында дүниеге келді.

"Жасыл" экономика және G-Global дамыту коалициясы" ЗТБ басқарма төрағасы, ҚР Президенті жанындағы "жасыл" экономика көшу кеңесінің мүшесі, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: