Денсаулық сақтау министрі: Біз індеттің күздегі өршу кезеңінен сәтті өтеміз деп үміттеніп отырмыз
azattyq-ruhy.kz
Қосымша ашып, орналастырылған төсек-орындар қазір резервте тұр, жасанды тыныс алу аппараттары сатып алынып жатыр, жылжымалы медициналық кешендеріміз де бар, оттегі концентраторлары, тесттер, жеке қорғаныс құралдары - бәрі бар.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан коронавирус инфекциясының күзде қайта бұрқ ете түсіп, жұқтыру статистикасы шарықтаған жағдайға толықтай дайын екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның айтуынша, қазір Қазақстанда коронавирус инфекциясына қатысты жағдай "толықтай бақылауда".
- Біз індеттің тағы бой көтеруі ықтимал жағдайға дайындалудамыз. Қосымша ашып, орналастырылған төсек-орындар қазір резервте тұр, жасанды тыныс алу аппараттары сатып алынып жатыр, жылжымалы медициналық кешендеріміз де бар, оттегі концентраторлары, тесттер, жеке қорғаныс құралдары - бәрі бар, қажетті көлем жинақталуда, сондықтан бұл реттегі жағдайлар толығымен біздің назарда. Менің ойымша, күзгі індеттің өршуі кезеңінен жақсы өтіп кетеміз деп үміттенеміз, - деді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript