Жаңалықтар тізбегі
0

Степногорск қаласында ПХД-қалдықтарды кәдеге жарату зауыты салынбайды

Экология министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2020 21:24 Экология министрлігі
Сарапшылар "Эколюкс-АС" ЖШС қоймасындағы ПХД - қалдықтар қаптамасының қорғалу деңгейі халықаралық актілермен белгіленген қажетті талаптардан бірнеше есе асып түскенін атап өтті.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Степногорск қаласында құрамында полихлордифенил бар (ПХД) қалдықтарды кәдеге жарату зауытын салуды жоспарламайды. Бұл туралы бүгін Степногорск қаласының экологиялық мәселелеріне арналған бейнеконференция барысында уәкілетті органның вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі заманғы қондырғыны орналастыру үшін өңірден тыс баламалы учаске айқындалатын болады.

Конференцияға 40-тан астам адам қатысты, олар Степногорск қаласының басшысы Еркебұлан Баяхметов, "Жасыл даму" АҚ басшылығы, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы, тұрақты органикалық ластағыштармен жұмыс жөніндегі сарапшылар, қоғам қайраткерлері және Степногорск қаласының бастамашыл тобының өкілі Вячеслав Черепков.

Қатысушылар ПХД-қалдықтарды сақтау мәселесіне ерекше назар аударды. Оған тәуелсіз сарапшы Әмина Бейбітованың қорытындысы ұсынылды.

"Қалдықтар халықаралық актілер мен Ұлттық экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес қайта оралған, қаптама материалы БҰҰ талаптарына сәйкес сертификатталған және таңбаланған, сондай-ақ тасымалдау, қайта тиеу және сақтау кезінде ағып кету мен зақымдануды (коррозияны) болдырмайды",- делінген сарапшының қорытындысында.

Сарапшылар "Эколюкс-АС" ЖШС қоймасындағы ПХД - қалдықтар қаптамасының қорғалу деңгейі халықаралық актілермен белгіленген қажетті талаптардан бірнеше есе асып түскенін атап өтті.

Министрлік өкілдері "Эколюкс-АС" ЖШС қоймаларын қарап, бейнеконференция барысында: "ПХД сақтау шарттары заңнаманың барлық талаптарына сәйкес келеді және қоршаған орта мен халықтың денсаулығына қауіп төндірмейді", - деп түйіндеді.

Өз кезегінде, министрлік "Қазгидромет" РМК мамандарының ПХД-қалдықтарды уақытша сақтау қоймасы аумағындағы ауа мен топырақ сапасына тұрақты мониторинг жүргізу мәселесін қарастыруда.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Степногорск қаласындағы жағдайды бақылауда ұстайды және осы өңірдегі өзекті экологиялық мәселелерді талқылау бойынша бірқатар кездесулер өткізуге ниетті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: