Жаяу әлем аралап жүрген ливиялық жиһанкез ШҚО-да төлқұжатын жоғалтып алған
алтайньюс
Кейін қоғам белсендісі және бұл мәселеге бей-жай қарай алмаған жандардың арқасында шетелдік саяхатшының төлқұжаты табылды.
Жапониядан Қазақстанға үш жыл жүріп, автостоппен жеткен турист құжатын жолда мінген көліктердің бірінде жоғалтып алыпты, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
Бұл жайтқа бей-жай қарамаған қоғам белсендісі Людмила Евженкова әлеуметтік желі арқылы төлқұжатты іздестіріп жатқандары жайлы видео таратқан, бұл іс өз нәтижесін беріп, төлқұжат иесін тапты.
Қазір Нури Фунас пен белсенді қыз құжатты іздеуге көмектескен барлық жанға ризашылығын білдіруде. Өйткені, төлқұжатсыз ер адам әлем аралау жөніндегі өз жоспарын жалғастыра алмайтын еді.
- Нуридің төлқұжаты алдынкүні ол мініп келген көлікте түсіп қалыпты. Көлік жүргізушісі басында саяхатшыны өзі іздемек болып ниеттеніпті. Бірақ кейін полицияға хабарласқан, - дейді Людмила.
Естеріңізге сала кетейік, шетелдіктің төлқұжаты 31 шілдеде "Кочевник" демалыс базасына бара жатқанда жоғалған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript