Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздің алты өңірінде ауа-райына байланысты ескерту жарияланды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2020 23:55 Pixabay
Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 70-100%.

Синоптиктер Қазақстанның бірнеше облысында ауа-райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 4 тамызда Маңғыстау облысынының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы күтіледі. Жел солтүстіктен батысқа қарай ойысып, кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде 4 тамызда найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік шығыстан қатты жел соғады.

4-5 тамызда Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан қатты жел соғады, кей жерлерде желдің екпіні секундына 20-23 метрді құрауы ықтимал. Күндіз 4-5 тамызда облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 4-5 тамызда 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысында 4 тамызда күндіз солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

4 тамызда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты бұршақ аралас жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан қатты жел соғады, желдің екпіні - 15-20 м/с. Орал қаласында бұршақ аралас жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан екпіні 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында 4 тамыз күндіз қатты ыстық болады: 35-36 градус шамасында. Солтүстік-шығыстан жел соғады: екпіні - 15-20 м/с. Петропавл қаласында 4 тамызда қатты ыстық болады деп күтіледі: 35 градус. Солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні - 15-20 м/с.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 70-100%.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: