Цой екі аптаға енгізілген кейінгі карантиннің қорытындысын жариялады

azattyq-ruhy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2020 16:04 azattyq-ruhy.kz
23 шілдеден бастап инфекцияның репродуктивтілік көрсеткішінің тұрақты төмендеу үрдісі байқалды.

Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой екі апталық карантиннің нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

3 тамыздағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 93 820 науқас тіркелді, оның ішінде 27 597 адам ем алып жатыр, ал 65 132 немесе жалпы науқастардың 69,4%-ы емделіп, ауруханадан шыққан, 1 091 адам қауіпті дерттен қайтыс болды.

- Жалпы, республикамызда тіркелген жағдайлардың өткен аптамен салыстырғанда 18% -ға төмендегені байқалады. Карантиннің 4 аптасында мынандай көрсеткіштерге қол жеткізілді: ауруханадағы науқастар 56% -ға, оның ішінде реанимациядағы науқастар саны 36% -ға төмендеді. Емделіп, сауыққандар саны 63% дейін өсті. Жедел жәрдем қызметіне, оның ішінде коронавирусқа қатысты қоңыраулар саны 40%-ға төмендеді. Ал инфекцияның өсімділік көрсеткіші 24% -ға, яғни 1,2-ден 0,89 пайзға дейін төмендеді, - деді ол.

Цойдың айтуынша, денсаулық сақтау жүйесіне түскен ауыртпалықтың негізгі көрсеткіштері төмендеді.

- Инфекцияның репродуктивті деңгейінің динамикасына сәйкес, яғни ауруды жұқтырған адамдардың саны - бұл көрсеткіш коронавирус инфекциясының расталған жағдайларын тіркеуге негізделген. 1 көрсеткіші аурур жұқтырған науқастар санының өсуін көрсетеді. Вирус репродуктивтілігінің 1-ден төмен деңгейі - ауру жұқтырған бір адамнан аурудың таралуы санының азайғанын байқатады. Қатаң шектеу шаралары енгізілместен бұрын вирустың репродуктивтілік деңгейі 1,2 болған, 2 аптадан кейін карантин енгізілген соң, біз бұл көрсеткіштің тұрақты төмендеу үрдісін байқап отырмыз. Позитивті динамиканың кешеуілдеуі инфекцияның инкубациялық кезеңіне байланысты, ол 14 күнді құрайды, - деді министр.

23 шілдеден бастап инфекцияның репродуктивтілік көрсеткішінің тұрақты төмендеу үрдісі байқалды.

- 4 тамыздағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 0,89 дейін төмендеді. Бұл енгізілген карантиннің тиімділігі мен жағдайды тұрақтандыру бойынша кеңінен қабылданған шаралардың тағы бір дәлелі, - деп қорытындылады өз сөзін министр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: