Жаңалықтар тізбегі
0

Пошта қызметкері ауыл тұрғындарының ақшасын жымқырып келіпті

ТО ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2020 16:08 ТО ПД баспасөз қызметі
Түркістан облысы полицейлері 5 тұрғынның ақшасын есепшотынан шешіп алған пошта қызметкерін ұстады.

Келес АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті екі тұрғын арызданады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жәбірленуші әйелдердің айтуынша, оларға мемлекет тарапынан бөлініп, есепшоттарына түскен атаулы әлеуметтік жәрдемақысының бір бөліктерін белгісіз тұлға шешіп алған. Осылайша алаяқ, екі әйелдің әрқайсысынан 300 000 теңгеден астам ақшасын заңсыз иемденген. Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша тіркеліп, СДТТБТ-не енгізілді.

Қылмыстық істің мән-жайын анықтау, ашу барысында Келестік тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, барлық қажетті тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктінің жеке-басын анықтады. Ол жергілікті тұрғын, бұрынғы пошта қызметкері болып шықты.

Тергеу барысында күдікті пошта бөлімшесінде жұмыс жасайтын кезінде тұрғындардың ақшасын өзі қол қойып, шешіп алғаны айқындалды. Сонымен қатар, күдіктінің осыған ұқсас тағы 3 жайтқа қатысы бары анықталды. Ол өз кінәсін толық мойындап отыр. Осылайша күдікті жәбірленушілердің 1,5 миллионға жуық ақшасын есепшоттарынан заңсыз алып, өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Бас шарасы «қолхатта».

Өзінің қызметін пайдалана отырып, жалған құжаттармен, өзгенің сеніп тапсырылған ақшасын иемденген күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу" бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: