Тоқаев Ливандағы жарылысқа байланысты тапсырма берді

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2020 17:15 Ақорда
Ливандағы Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі қамтамасыз етілсін.

Бейруттағы жарылысқа қатысты ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Жарылыс туралы ақпарат түскеннен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ливандағы Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Қазіргі уақытта Қазақстанның 113 азаматы консулдық есепте тұр. Біздің дипломаттар олармен байланыста, олардың арасында зардап шеккендер жоқ", - деді министр.

Ол елшіліктің кеңсесіне залал келтірілгенін және оны қалпына келтірілгенін атап өтті.

Ливанда БҰҰ бітімгершілік контингенті бар, оның ішінде 120 қазақстандық бар. Олар да зардап шеккен жоқ.

4 тамызда Ливан астанасы - Бейрутта қатты жарылыс болды. Салдарынан ондаған адам қайтыс болып, мыңдаған адам жарақат алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: