"Мені Димаш дейді". Алматылық әнші жігіт жұқпалы аурулар ауруханасында жұмыс істеп жүр
23 жастағы алматылық Бақытбек Әмірхан карантин басталмай тұрып қаладағы мейрамханаларда ән салған, ал қазір волонтерлар қатарына қосылып, коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдейтін ауруханада санитар болып жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды zakon.kz.
Аурухана қабырғасында жүрген Бақытбек ән салуды ұмытқан жоқ. Қазір Алматыдағы модульді инфекциялық жұқпалы аурулар госпиталіндегі науқастар оның тыңдарманына айналды. Жас жігіт науқастарды әнімен жігерлендіріп, қайғы-мұңын азайтуға барын салып жүр. Әлеуметтік желіде обаға қарсы киіммен Олег Газмановтың "Мама" әнін орындаған сәтінен видео тараған болатын.
Кейін санитар болып жұмыс істеп жүрген әнші жігітті кейін Sputnik Қазақстан тілшілері тауып, сұхбат алған болатын.