Жаңалықтар тізбегі
0

Вируспен емес, жемқорлықпен күресу керек – Мәжіліс депутаты

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2020 19:09 видеодан кадр
Мәжілісмен вируспен күреске деп бөлінген миллиардтардың дұрыс жаратылмай жатқанына қапалы.

Вируспен емес, әуелі жемқорлықпен күресуіміз керек! Осылай деген Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев әкімдер мен министрлердің жұмысын сынға алды. Халықтың қамын ысырып, тек қалтасын қампайтуды ғана ойлайтындар орнын босатпай, дерттің алдын алуымыз екіталай дейді ол, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Мамин бастаған министрлер кабинетінің жұмысын сынға алған депутат Нұржан Әлтаевтың айтары басқа. Дайындық өз алдына, бірақ жауапты ведомстволарда әуелі жемқорлық тыйылмай, елдегі вирустың таралуы тарылмайды дейді халық қалаулысы. Мәжілісмен вируспен күреске деп бөлінген миллиардтардың дұрыс жаратылмай жатқанына қапалы.

– Ең біріншіден, бұл жерде мынау коронавирус емес, ең басты проблемалардың салдары ол – жемқорлық! Жемқорлықтың кең таралғаны. Сол жемқорлықты жеңбей, осы біздің мемлекеттік басқару жүйелерін өзгертпей, ешқандай нәтиже болмайды деп санаймын, деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: