Ресей мигранттарды кіргізудің Араб елдеріндегідей қатал тәртібін енгізуі мүмкін
Ресейдің бұрынғы премьер-министрі және Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев еңбек мигранттарын Ресейге кіргізу тәртібін өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Ол Ресейге жұмыс беруші тараппен алдын ала келісімге отырған мигранттарға ғана шекарадан өтуге рұқсат берілуі тиіс деп мәлімдеді.
Медведев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Ауыл шаруашылығы академиясының мәліметіне сілтеме жасады. Онда қазіргі пандемия кезінде Ресейдегі мигранттардың 40 проценті жұмыссыз қалғаны айтылады.
Медведев мұның салдарынан қылмыс көбеюі мүмкін екенін айтып, шілде айында Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург қалаларында, Мурманск пен Амур облустарында шетел азаматтары араласқан қылмыстардың көп тіркелгенін атап өтті.
"Мәселен, араб елдерінде жұмыс беруші мен жұмысшылар арасында арнайы келісім бар. Ондар тараптардың барлық жауапкершілігі жазылған. Бұл өте қатал келісім. Бізге де осындай керек", – деді ол.
Ресейдің ішкі істер министрлігі 25 шілдеде жасаған мәлімдемесінде мигранттарды экстремизм оқиғаларына, қоғамдық тәртіпті бұзуға және рұқсат етілмеген қарсылық акцияларына қатысты айыптаған.