"Алматы Жастары 3.0" бағдарламасы бойынша пәтер беріле бастады
inbusiness.kz
Жыл басынан бері төлем қабілеттілігін растау үшін 1 035 адам жолдама алды.
Алматыда 35 жасқа дейінгі жастар "Алматы Жастары 3.0" бағдарламасы бойынша 5% жылдық мөлшерлемемен пәтер ала бастады, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында жазды.
"Әлеуметтік салада жұмыс істейтін жастарды, соның ішінде мұғалімдер, дәрігер, мәдениет және БАҚ саласының қызметкерлерін қолдау үшін "Алматы жастары 3.0" бағдарламасының шарттары барынша жеңілдетілді. Жылдық мөлшерлеме - 5%, бастапқы жарна - 10%, несиелеу мерзімі 25 жылға дейін. Жас ерекшелігі 35 жастағы азаматтар", - деп жазды әкім.
Жыл басынан бері төлем қабілеттілігін растау үшін 1 035 адам жолдама алды. Қалада тіркеуінің болу керектігі туралы талап алынғаннан кейін тағы 526 азамат жолдама алса, 457-сі резервке енгізілді.
Бірінші кезең бойынша өткен жастар өздеріне пәтер таңдап алды.
Айта кету керек, жастардың пәтерді бастапқы және екінші нарықтан таңдау құқығы бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript