"СК-Фармация" төрағасы "жалақым 750 мың теңге" дейді
etoday.kz
Оның жалақысы келесі кеңесте бекітіледі.
"СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасының жалақысы алдағы кеңесте бекітіледі. Ал әзірге компания басшысының жұмысы үшін 750 мың теңге төленеді екен. Бұл туралы компанияның басшысы Ерхат Есқалиевтің өзі айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
– Жалақым 750 мың теңгеден басталады, бірақ жұмысқа кіріскеніме бір ай болған жоқ әлі, жалақымның деңгейін келесі кеңесте бекітуіміз керек, – деді ол.
Оның сөзінше, компанияда әкімшілік шығындарды қысқарту жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр. Соның нәтижесінде аренда шығындарын 10% және жекелеген алаңдар санын 20%-ға қысқарту жоспарлануда.
Бұрын тек қана мемлекеттік медициналық мекемелерге дәрі-дәрмек жеткізетін "СК-Фармация" енді бөлшек саудамен айналысатын дәріханалар желілерімен жұмыс істемек ниетте.
– Шекті бағаларды Денсаулық сақтау министрлігі реттейді. Біз өз бағаларымызға логистика мен сақтау шығындарын ғана қоспақпыз. Біз өз бағаларымыздың құралуын ашық көрсетуге тырысудамыз, біз үшін бастысы – қажет жерлерде дәрі-дәрмектің жеткілікті көлемде болғаны. Бұл жерден ақша табу мәселесі қарастырылмайды. Жұмыс тобы аясында осы мәселелерді реттеуге тырысамыз, – деді Есқалиев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript